Этнограф, жазушы Болат Бопайұлы дүниеден өтті

1063
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/03/crop-16_71_1192x2119_file_1_958480231.jpg
Белгілі жазушы, этнограф Болат Бопайұлының дүниеден өткені хабарланды. Бұл туралы журналист Марат Байділдаұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында естіртті. «Қазір ғана көрнекті этнограф,  ғалым,  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақ Ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр академиясының академигі  Болат Бопайұлы ініміз Аллаға аманатын тасырыпты!» - деген ол түн ортасына жуықтағанда. Марат Байділдаұлы марқұм туралы «Біліп айтатын, бипаздап сөйлейтін, әдет-ғұрпымызға жетік Бөкең тұла бойы тұнған этнограф болатын. Ол 1960 жылы 1 қаңтарда Қытай елінде Ертістің сағасындағы Көктоғайда туып өскен. Жоғары білім алған соң Шыңжаң өлкесіндегі оқу-ағарту ісіне атсалысты. Алғашқы шығармалары сол жақта жарық көрді. Атамекенге оралған соң этнография саласымен түбегейлі айналысты», - деп жазды. Марат Байділдаұлының жазуынша,  этнографтың соңында «Қазақ мінезі», «Қазақ кәдесі», «Қазақы түс жору», «Бастаудан бақиға дейін»,  «Қазақтың гүл мәдениеті»,  «Қазақ наурызнамасы»,  «Қазақ аспан есебі» сияқты оннан астам кітаптары қалды. Болат Бопайұлы 1986 жылы Іле педагогикалық университетінің қазақ тіл-әдебиеті факультетін, 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті филология факультетінің қазақ әдебиеті мен теориясы кафедрасында аспирантураны бітірген. Болат Бопайұлы кейінгі отыз жылда Қазақтың этнографиялық тақырбын терең зерттеп 30-дан астам кітап жазды.
评论
其他材料