Түрмедегі той. Талғардағы қанды оқиғаға күдіктілердің видеосы тарады

1096
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/02/whatsapp-image-2025-02-16-at-17.13.37.jpeg
Әлеуметтік желіде Талғардағы жасөспірімнің өліміне күдіктілердің түрмеде тойлаған сәті тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  Әлеуметтік желіде бір топ ер адамның би билеп, көңіл көтеріп жатқан видеосы тарады. Бейнежазба авторлары мен пікір қалдырушылар видеодағы адамдар Талғарда 16 жастағы Шерзат Болатты өлтіруге күдіктілер болуы мүмкін екенін айтады. Алматы облыстық полиция департаменті бұл ақпаратқа пікір білдірді. "Уақытша ұстау изоляторы ішінде туған күн тойлау фактісі бойынша жан-жақты тексеру жүргізілуде. Барлық кінәлілер, соның ішінде басшылық өкілдері де қатаң жауапкершілікке тартылады. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды. Мұндай заңбұзушылықтарға жол берген себептер мен жағдайларды жою шаралары қабылданды", – делінген хабарламада. Айта кетейік, Шерзат Болаттың өлімі 2024 жылдың 4 қазанына қараған түні болған. Бұл қылмысқа қатысты 11 күдікті қамауға алынған. Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Саденов тергеуді жеке бақылауға алып, Талғарға ІІМ-нің арнайы тобы жіберілген.
评论
其他材料