Лифтідегі шабуыл. Дәрігерлер баланың жағдайы туралы айтты

1285
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/f4178ecc-6b00-41f6-b9f6-d453e2795e9b-960x500.jpeg?token=37349c62eec5b9be367285846b6d26c4
Елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде шабуылға ұшырап, беті пышақпен тілімделген балаға қатысты дәрігерлер мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  Бес жасар бала №2 Көпсалалы қалалық балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөліміне жатқызылған. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір баланың жағдайы орташа ауырлықта. Барлық қажетті ем-дом толық көлемде көрсетілуде. Дәрігерлер бұған дейін қан кетуді тоқтату үшін қан тамырларын байлау операциясын жасаған. Отадан кейін баланың жағдайы тұрақталған. №2 Көпсалалы қалалық балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Юсуп Гусейновтың айтуынша, бала ауруханаға төрт пышақ жарақатымен түскен. "Ең терең жара – сол жақ құлақ маңында болды. Бала көп қан жоғалтқандықтан, өміріне қауіп төнді. Қазір жағдайы тұрақты. Шрамы барынша аз болады.  Бірақ оған белгілі бір оңалту процесінен өту қажет", – деді дәрігер. Қазір балаға қажетті барлық медициналық көмек көрсетілуде, өміріне қауіп жоқ. Еске сала кетейік, кеше Астанада тұрғын үй кешенінді лифтіде жасөспірім кішкентай баланың бетін пышақпен кескенін жазған едік. 
评论