Қазақстанның Көлік министрлігі 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines ұшағының апат себептері бойынша алдын ала тергеу нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Министрлік ұшақтың гидравликалық жүйелеріне зақым келтірген бөтен металл заттардың көптеген тесіктер қалдырғанын хабарлады. Қорытынды есеп барлық тергеу жұмыстары аяқталған соң әзірленеді.
Алдын ала есепке сәйкес, бөтен металл заттар қалдырған көптеген тесік белгілері ұшақтың құйрық бөлігінен, төменгі бөлігінен және сол жақ қанатынан анықталды. Бұл фактілер есепке қоса тіркелген фотосуреттерден расталды.
Астана уақытымен 10:13:31-де экипаж алғаш рет қиындықтарға тап болған. Қатты соққы естіліп, автопилот ажыратылғаны туралы дабыл іске қосылған. Бірнеше секундтан кейін тағы бір соққы тіркелген. Металл заттар гидравликалық жүйелерді зақымдап, нәтижесінде сұйықтық ағып кетіп, руль жүйесінің істен шығуына себеп болуы мүмкін.
Бір минуттан кейін командир экипаж мүшелеріне хабарласып: «Алло, не болды?» – деп сұраған. Бортсерік: «Екі орындық жарылды, жолаушылар орындарынан тұрып кетті. Оларды орнына отырғызуға тырысып жатырмын», – деп жауап берген.
Осыдан кейін экипаж Грозный, Ростов және Ақтау әуежайларының диспетчерлерімен байланысқа шыққан. Есепте экипаждың жүргізген келіссөздері егжей-тегжейлі баяндалған. Экипаж басқаруды жоғалтып жатқанын хабарлаған. Алдымен Махачкаладағы ауа райын сұратқан. Содан кейін Бакуге қайту туралы шешім қабылдаған. Руль істен шыққанынан кейін жарты сағат өткен соң Ақтауға қону туралы шешім шығарған.
Еске сала кетейік, ұшақ бортында 67 адам болған. Олардың арасында Азербайжан, Ресей, Қазақстан және Қырғызстан азаматтары бар. Апат салдарынан 38 адам қаза тапты. Ақтау әуежайының барлық құтқару қызметтері дереу іске қосылып, жолаушыларды эвакуациялады.
Тергеу барысында ұшақтан алынған бөгде заттар фотосуреттермен расталды. Ұшақ құрылымындағы тік тесік белгілері бөгде нысандардың кіргенін көрсетті. Кейбір зақымданулардың нақты тікбұрышты пішінде болуы ерекше назар аудартуда. Қазіргі таңда комиссия ұшақтың зақымдану ерекшеліктерін зерттеп жатыр. Заттардың қайдан келгенін анықтау үшін қосымша сараптамалар жүргізілетін болады.
其他材料
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз