Өнеркәсіп министрлігі утиль алымға қарсы петицияны қарамақ

1428
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/img_4249-960x500.jpeg?token=2f6a87f2cd1057f000c7b66b09754a16
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі утилизациялық алымға қарсы петицияны қарау үшін жұмыс тобының құрамын бекітті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді. Енді Өнеркәсіп министрлігі утильалымға қарсы петицияны бір айдан аса уақыт қарастырмақ

"Министрлік Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекстің 90-5-бабы 2-тармағына сәйкес, петицияны қарайтын жұмыс тобының құрамын бекітті. Оның құрамына Парламент депутаттары, Өнеркәсіп және құрылыс, Экология және табиғи ресурстар, Қаржы, Ауыл шаруашылығы, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Мәдениет және ақпарат вице-министрлері, Сыртқы істер министрінің орынбасары, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері енді", - делінген хабарламада.
Жұмыс тобының құрамына петиция бастамашылары, өнеркәсіп секторының өкілдері кірмек. Ал утиль алымға қарсы петицияны қарау жұмысын Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ұйымдастырады. Айта кетейік, өткен айда министр Шарлапаев биліктің утилизациялық алымды алып тастауды қарастырып жатқан жоқтығын айтқан болатын.
评论
其他材料