Министр утильалымға қарсы петицияға қатысты пікір білдірді

1647
Adyrna.kz Telegram
Сурет: kolesa.kz
Сурет: kolesa.kz

Бүгін, 24 мамырда Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев утильалымды алып тастау талап етілген петиция туралы пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Министр бұл мәселені көбіне қайта сатумен айналысатындар көтеретінін атап өтті.

«Қарсылық білдірушілермен 17 мамырда кездестім. Үлкен жиналыс өтті, парламент депутаттары қатысты. Қарысылық білдіретін топ атынан 12 адам келді. Біз мемлекеттік саясаттағы өзгерістерге қатысты пікірімізді бөлістік. Бірақ көбіне бұл адамдар шетелден көлік сатып алып, елге әкеліп, осында сату арқылы ақша табатыны анықталды»,—деді ол.

Қанат Шарлапаев Үкіметте утильалымды жою мәселесі талқыланып жатпағанын мәлімдеді.

«Петицяға бүгінде 49200 адам қол қойған. Тиісті дауыс жиналғаннан кейін Үкімет мәселені өз қарамағына алады деп ойлаймын. Қазіргі таңда біз утилизациялық алымды алып тастауды қарастырып жатқан жоқпыз»,—деп түйіндеді министр.

Айта кетейік, бұған дейін Сенат депутаты Әли Бектаев ауыл шаруашылығы техникасына утилизация алымын алып тастауды ұсынған еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер