Қырғызстан президенті ресми сапармен Қазақстанға келеді

3047
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/dae8fe71-7dd7-4b29-8b11-324873f9d041-960x500.jpeg?token=4eeaa4ab44d3b4c2dae8dd6ee4421d0f

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров ресми сапармен Қазақстанға келеді. Бұл туралы Қазақстан мен Қырғыз Республикасы сыртқы істер министрлерінің кездесуінде белгілі болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 2024 жылы ресми сапармен Қазақстанға барады", - деп хабарлады Қырғызстанның сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев.

Айта кетейік, Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Бішкекте жүр.

Қырғыз Республикасы сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, биыл екі елдің үкімет басшыларының төрағалығымен қырғыз-қазақ үкіметаралық комиссиясының отырысы өтеді.

评论