Жамбыл облысында бір мектептің 33 оқушысы мен екі мұғалімі астан уланды

2804
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/izobrazhenie_2023-11-08_131449576.png
Жамбыл облысында мектеп оқушыларының жаппай улануы орын алды, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Белгілі болғандай, Сарыкемер ауылындағы Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы тарапынан әлсіздік және құсуға қатысты бірінші шағым қарашаның 7-сі күні түстен кейін тіркелген. Республикалық және облыстық мамандардан: анестезиологтар, педиатрлар, токсикологтар, инфекционист мамандардан комиссия құрылды. "Сағат 23:00-ге дейін өтініш білдіргендердің жалпы саны 46 адамды құрады (оның ішінде 2 мұғалім, 44 бала). 46 адамның 35-і ауруханаға жатқызылды, жағдайы орташа, тұрақты. Ауруханаға жатқызылғандарға детоксикация терапиясы жүргізілді. 13 адам дәрігерлік кеңес алғаннан кейін амбулаторлық емдеуге және бақылауға жіберілді, антибиотикалық терапия қажет емес», - делінген хабарламада. Жалпы тәжірибе дәрігерлері, педиатр, учаскелік медбикеден тұратын 16 мобильді топ ұйымдастырылып, сол күні осы білім ошағындағы асханаға келген 205 оқушының үйді-үйін аралау жүргізілді. Аталған балаларды тексеру қорытындысы бойынша олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып, шағымдары мен белгілері тіркелмеді. "Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының мектеп тамағына жауапты жеке кәсіпкер Тоқсейітовтің жұмысы мән-жай анықталғанша тоқтатылды. Мектеп қоршалып, бактериологиялық зерттеу жүргізілуде", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
评论
其他材料