“Авариялық-құтқару жұмыстары үздіксіз жүргізілуде” - ҚР ТЖМ

1790
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/tzhm.jpg
Қарағандыдағы Костенко шахтасында авариялық-құтқару жұмыстары үздіксіз жүргізілуде, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеп. Қазір шахтадағы апаттың салдарынан тау-кен құтқару бөлімшелері барлық қажетті іс-шараларды ауысыммен жасап жатыр. Министрлік өкілінің сөзінше жұмыстар тәулік бойы екі өндіру учаскесінде жүргізіліп жатыр. “Тау-кен құтқарушыларының күштері кеншілерді іздеуге шоғырландырылған. Іздеу жұмыстары электр энергиясының жетіспеушілігінен, тау-кен жұмыстарының көптігінен, жеке су басқан қазбаларға қол жетімділіктің болмауынан, көптеген бұзылған механизмдер мен құрылыстардың болуынан қиындық туғызуда. Сондай-ақ, қаза тапқандардың денелерін жер бетіне шығару жұмыстары жүргізілуде. Авария орнында ашық жану ошақтары жоқ”,-дейді ҚР ТЖМ өкілі. Сонымен қатар, жедел желі телефондары үздіксіз жұмыс істеуде. Барлығы 400-ге жуық қоңырау келіп түсті. 20 психолог шұғыл психологиялық көмек көрсетуде.
评论
其他材料