Абу-Даби келіссөзіне Еуропа өкілдері қатыспайтыны айтылды

169
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/RngNbos5FLVqeYbtKDyB55Pp1ZQ7ZGlftUujT0yc.webp

Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу жөніндегі Абу-Дабиде өтетін үшжақты келіссөздерге Еуропа өкілдері қатыспайды.  Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Report агенттігіне сілтеме жасап.

«Алдағы күндері Абу-Дабиде Ресей мен Украина арасындағы АҚШ-тың делдалдығымен өтетін үшжақты келіссөздер ұйымдастырылады. Еуропа өкілдерінің қатысуына келсек, америкалықтардың еуропалықтармен, украиналықтардың да еуропалықтармен өзара байланыс орнататын жеке арналары бар екенін білесіздер. Олар қазір өзара үйлестіру тетігін қалыптастырып жатқан сияқты», – деді ол.

Бүгін Politico басылымы Абу-Дабидегі келіссөздер кезінде Ұлыбритания, Франция және Германияның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілері «жақын маңда болатынын» хабарлаған еді. Сондай-ақ басылым келіссөздердің барысына қарай аталған елдердің одан әрі қатысу мәселесі шешілетінін жазды.

评论