Оқушылары жаппай уланған РФММ-ның Алматыдағы филиалына жаңа директор келді

310
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/nBarltAXVmBHF5juVonYEuUadF4VZnQKQ24bT2jt.webp

Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) филиалының директоры қызметінен кетті. Қазан айында мектептің 58 оқушысы жедел ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға жатқызылған болатын, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мектептің баспасөз қызметі директордың өз еркімен қызметінен кеткенін мәлімдеген.

Енді бұл міндетті Алмаз Күнғожин атқарады. Ол –  математика мамандығы бойынша PhD докторы, сондай-ақ РФММ түлегі. Күнғожин бұған дейін 2018–2023 жылдары мектептің Алматыдағы филиалын басқарған.

Еске салайық, 14 қазанда Алматыдағы РФММ-нің 50-ге жуық оқушысы жедел ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға жатқызылғаны белгілі болған. Оқиғадан кейін мектеп уақытша онлайн оқыту форматына көшкен. Интернат пен ас блогының жұмысы тоқтатылып, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары ғимараттарды тексеріп, зертханалық зерттеулер жүргізу үшін сынамалар алған. Сондай-ақ Алматы полициясының РФММ оқушыларының жаппай улану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғағаны белгілі болды.

评论