ЕАЭО-ның төрт елі Арменияға одақтан шығудың салдарын ескертті

275
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/abrGJ0IMUJLPi2V7l1yTw7Skjz09ZIqMyEqjHrMI.jpg

Арменияның Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) және Еуропалық одаққа (ЕО) бір мезгілде мүше болуы мүмкін емес. Өйткені бұл ЕАЭО-ға қатысушы басқа мемлекеттер үшін қауіп төндіреді. Мұндай қорытынды Еуразиялық үкіметаралық кеңестің баяндамасында айтылған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Қазақстан, Ресей, Беларусь және Қырғызстан өкілдерінен құралған Еуразиялық үкіметаралық кеңес Арменияға қатысты ЕАЭО туралы шарттың қолданылуын тоқтата тұрудың ықтимал салдары жөніндегі баяндаманы ұсынған.

«Мемлекет бір мезгілде екі кеден одағының мүшесі бола алмайды. Өйткені мұндай жағдайда негізгі қағидаттарды қатар сақтау мүмкін емес. Оларға бірыңғай кедендік аумақты сақтау, осы аумақта тауарлар мен көлік құралдарының кедендік декларациялаусыз, баж салығын төлеусіз және кедендік әрі өзге де бақылау түрлерінен өтпей еркін қозғалысы, сондай-ақ үшінші тараптармен тауар саудасын реттеудің бірыңғай шараларын қолдану жатады», – делінген баяндамада.

Құжат авторларының айтуынша, ЕАЭО мен ЕО-да бірыңғай кедендік реттеу жүйесі қалыптасқан және әрбір мүше мемлекет үшін міндетті кедендік әкімшілендіру ережелері қолданылады.

Әр одақтың өз кедендік аумағы бар. Оның шегінде тауарлар декларациялаусыз және кедендік баждарсыз тасымалданады. Сонымен қатар әрбір бірлестіктің мүшелері үшінші елдерден келетін тауарларға бірыңғай кедендік баж мөлшерлемелерін қолданады. Алайда екі одақтың ережелері бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді.

Бұдан бөлек, баяндама авторлары ЕАЭО-ның Вьетнам, Сербия, Моңғолия, Біріккен Араб Әмірліктері, Индонезия және Иранмен еркін сауда туралы келісімдері бар екенін атап өтті. Бұл құжаттар кедендік тарифтерді ырықтандыруды көздейді.

«Аталған келісімдерді басқа интеграциялық бірлестік аясында қолдану мүмкін емес», – деп көрсетілген құжатта.

Сондай-ақ баяндамада Арменияның Еуропалық одаққа кіру процесін бастау туралы заңнамалық шешімі және ЕО-мен ынтымақтастық бағыттарына қатысты қабылданған құжаттар елдің кеден саласында еуропалық талаптарды енгізуге ниетті екенін көрсететіні айтылған. Осының салдарынан ЕАЭО кедендік шекарасының бір бөлігі одақтың Кеден кодексінде белгіленген тәртіптен өзгеше режимде жұмыс істеуі мүмкін.

Құжат авторларының пікірінше, бұл ЕАЭО-ның бірыңғай кедендік кеңістігіне қауіп төндіреді.

«Мұндай жағдайда одаққа мүше мемлекеттер Армения аумағынан әкелінетін үшінші елдердің барлық тауарының ЕАЭО кедендік аумағына заңды түрде кіргенін қайта тексеруге мәжбүр болады. Бұл ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы тауарлардың еркін қозғалысы жөніндегі негізгі қағидатты бұзады», – деп түсіндіреді баяндама авторлары.

Құжатта мұндай шаралардың нәтижесінде ЕАЭО-ның ортақ нарығындағы тауарлар қымбаттап, одақ ішіндегі тауарлар мен қызметтер өндірушілерінің бәсекелестік артықшылықтары мен табысы төмендеуі мүмкін екені айтылған.

Баяндамада Арменияның ЕО-ға мүшелігі оның ЕАЭО құрамындағы қатысуымен үйлеспейтіні көрсетілген. Осыған байланысты одақ елдері референдум өткізілгенге дейін Ереванның ЕАЭО-ға қатысуын тоқтата тұруға құқылы екені айтылған.

Арменияның Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) және Еуропалық одаққа (ЕО) бір мезгілде мүше болуы мүмкін емес. Өйткені бұл ЕАЭО-ға қатысушы басқа мемлекеттер үшін қауіп төндіреді. Мұндай қорытынды Еуразиялық үкіметаралық кеңестің баяндамасында айтылған. Бұл туралы Tengrinews.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Ресей, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстан өкілдерінен құралған Еуразиялық үкіметаралық кеңес Арменияға қатысты ЕАЭО туралы шарттың қолданылуын тоқтата тұрудың ықтимал салдары жөніндегі баяндаманы ұсынды.

«Мемлекет бір мезгілде екі кеден одағының мүшесі бола алмайды. Өйткені мұндай жағдайда негізгі қағидаттарды қатар сақтау мүмкін емес. Оларға бірыңғай кедендік аумақты сақтау, осы аумақта тауарлар мен көлік құралдарының кедендік декларациялаусыз, баж салығын төлеусіз және кедендік әрі өзге де бақылау түрлерінен өтпей еркін қозғалысы, сондай-ақ үшінші тараптармен тауар саудасын реттеудің бірыңғай шараларын қолдану жатады», – делінген баяндамада.

Құжат авторларының айтуынша, ЕАЭО мен ЕО-да бірыңғай кедендік реттеу жүйесі қалыптасқан және әрбір мүше мемлекет үшін міндетті кедендік әкімшілендіру ережелері қолданылады.

Әр одақтың өз кедендік аумағы бар. Оның шегінде тауарлар декларациялаусыз және кедендік баждарсыз тасымалданады. Сонымен қатар әрбір бірлестіктің мүшелері үшінші елдерден келетін тауарларға бірыңғай кедендік баж мөлшерлемелерін қолданады. Алайда екі одақтың ережелері бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді.

Бұдан бөлек, баяндама авторлары ЕАЭО-ның Вьетнам, Сербия, Моңғолия, Біріккен Араб Әмірліктері, Индонезия және Иранмен еркін сауда туралы келісімдері бар екенін атап өтті. Бұл құжаттар кедендік тарифтерді ырықтандыруды көздейді.

«Аталған келісімдерді басқа интеграциялық бірлестік аясында қолдану мүмкін емес», – деп көрсетілген құжатта.

Сондай-ақ баяндамада Арменияның Еуропалық одаққа кіру процесін бастау туралы заңнамалық шешімі және ЕО-мен ынтымақтастық бағыттарына қатысты қабылданған құжаттар елдің кеден саласында еуропалық талаптарды енгізуге ниетті екенін көрсететіні айтылған.

Осының салдарынан ЕАЭО кедендік шекарасының бір бөлігі одақтың Кеден кодексінде белгіленген тәртіптен өзгеше режимде жұмыс істеуі мүмкін. Құжат авторларының пікірінше, бұл ЕАЭО-ның бірыңғай кедендік кеңістігіне қауіп төндіреді.

«Мұндай жағдайда одаққа мүше мемлекеттер Армения аумағынан әкелінетін үшінші елдердің барлық тауарының ЕАЭО кедендік аумағына заңды түрде кіргенін қайта тексеруге мәжбүр болады. Бұл ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы тауарлардың еркін қозғалысы жөніндегі негізгі қағидатты бұзады», – деп түсіндіреді баяндама авторлары.

Құжатта мұндай шаралардың нәтижесінде ЕАЭО-ның ортақ нарығындағы тауарлар қымбаттап, одақ ішіндегі тауарлар мен қызметтер өндірушілерінің бәсекелестік артықшылықтары мен табысы төмендеуі мүмкін екені айтылған.

Баяндамада Арменияның ЕО-ға мүшелігі оның ЕАЭО құрамындағы қатысуымен үйлеспейтіні көрсетілген. Осыған байланысты одақ елдері референдум өткізілгенге дейін Ереванның ЕАЭО-ға қатысуын тоқтата тұруға құқылы екені айтылған.

Бұл шешім Армения үшін бірқатар экономикалық салдарға әкелуі мүмкін:

– Арменияның жалпы ішкі өнімі 15,6 пайызға төмендеп, инфляция 14,9 пайызға дейін жетуі мүмкін;

– жергілікті өнімдер толық көлемдегі ветеринариялық-санитариялық бақылаудан өтеді;

– ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 55 пайыздан астам қысқаруы ықтимал;

– республикаға газ импортының құны 69 пайызға өсіп, жылына 657,5 миллион долларға жетуі мүмкін;

– үшінші елдерге қолданылатын салық салу тәртібі қайта енгізіледі;

– жұмыс күшіне квоталар белгіленіп, Армения азаматтарына жұмыс істеу үшін арнайы рұқсат құжаттарын рәсімдеу қажет болады;

– елдің туристік қызметтер экспорты шамамен 40 пайызға, ал алкоголь өнімдерінің экспорты 50 пайызға дейін төмендеуі мүмкін;

– теміржол арқылы жүк тасымалдау тарифтері көтеріледі.

评论