Алматыда ауруханаға жатқызылған РФММ оқушыларының саны 48-ге жетті

214
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/O9zlBxPXzHyutcymy8SW9vDd9VxzkkvnbvpBxKGp.jpg

Алматыда 12–14 қазан аралығында жедел ішек инфекциясының белгілерімен Республикалық физика-математика мектебінің 48 оқушысы қалалық балалар клиникалық инфекциялық ауруханасына жатқызылды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Тағы 6 бала интернатта оқшауланып, дәрігерлердің бақылауында екені айтылды.

«Барлық балаға қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр. Оларды емдеуге қажет жағдай жасалған. Науқастар медицина мамандарының тұрақты бақылауында», – делінген хабарламада.

Басқарманың мәліметінше, балалардың жағдайы тұрақты. Олардың ешқайсысы жансақтау көмегіне мұқтаж емес.

Бастапқыда ауруханаға жатқызылған оқушылар саны 47 деп хабарланған еді. Оқиғаға байланысты мектептің, интернаттың және асхананың жұмысы уақытша тоқтатылды.

 

评论