Канадалық ақын Энн Карсон әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты атанды

129
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/nriHJS7RCf9ELBWZMPO1n4KVP97bDCw2qPUrFMEq.jpg

Фото: br.az

Канадалық ақын Энн Карсон әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты атанды. Марапат оған классикалық дәстүрмен шығармашылық диалог орнатып, қазіргі әдебиеттің жаңа формаларын қалыптастырғаны үшін берілгені хабарланды. Бұл туралы ВВС жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

«Энн Карсон бүкіл шығармашылық жолында әдеби еңбекті аудармашылық қызметпен және түрлі университеттерде сабақ берумен ұштастырып келеді. Оның шығармаларының барлығы дерлік екі бастау тоғысқан тұста дүниеге келген: филологтың сөзге деген құштарлығы мен ақынның жаңа мағыналарды табуға деген ұмтылысы», – деп атап өтті Швеция академиясының сарапшылар комиссиясы.

76 жастағы Энн Карсон 1950 жылы 21 маусымда Торонтода дүниеге келген. Ол ақын, аудармашы әрі әдебиет зерттеушісі ретінде танымал. Шығармашылығында поэзия мен прозаны ұштастырып, көне грек әдебиетінің дәстүрлерін заманауи тәсілдермен жаңғыртқан. Сондай-ақ көне грек тілінен аударма жасап, 30 жылдан астам уақыт бойы университеттерде антикалық филологиядан сабақ берген.

Швеция академиясының мәліметінше, Карсон шығармаларының басты ерекшелігі — тілге терең филологиялық көзқарас пен жаңа мағына іздеуге бағытталған поэтикалық ізденістің үйлесуі. Оның туындылары оқырманға дайын қорытынды ұсынбай, мәтінді өз бетінше түсіндіруге мүмкіндік береді.

2026 жылғы сыйлыққа үміткерлер қатарында америкалық жазушы Джамайка Кинкейд пен қытайлық қаламгер Цань Сюэ де аталған. Алайда әдебиет сыншылары мен букмекерлер Энн Карсонды негізгі фавориттердің бірі ретінде қарастырған.

Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы жазушының өмір бойғы шығармашылық еңбегі үшін беріледі. Лауреатқа 12 миллион швед кроны көлемінде сыйақы табысталады.

评论
其他材料