Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы Қорғаныс министрі болды

2538
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/0IUcxtyKpMtDvxbATTX9wrL6i2aO1FyLVtbQ1jMB.webp

Бүгін, 27 қыркүйек күні Дәурен Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылғаны хабарланған. Оның орнын Айдос Мырзахметов басты, деп хабарлайды "Адырна".

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдос Сәкенұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", делінген Ақорда хабарламасында.

Айдос Мырзахметов – ҚР Қарулы Күштері Әскери академиясының 2002 жылғы түлегі. Қызмет жылдары ішінде взвод командирінен бастап Мемлекеттік күзет қызметі департаментінің бастығына дейінгі жолдан өтіп, жоғары кәсібилігімен, мінезінің беріктігімен және жауапкершілігімен ерекшеленді.

2024 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды. ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградталған. 2026 жылы мамыр айында оған жоғары әскери шен – генерал-майор әскери атағы берілген болатын.

Еске салайық, 24 қыркүйекте Каспий теңізінде әскери оқу-жаттығу кезінде ауа райының нашарлап, желдің күшеюі салдарынан 17 әскери қызметшіні теңіз ағызып әкетті. Олардың 14-і қаза тауып, үшеуі құтқарылды.

Оқиға бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Олар Қылмыстық кодекстің 453-бабының 2-бөлігі ("Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау") және 465-бабы ("Кеме жүргізу қағидаларын бұзу") бойынша тергеліп жатыр.

Күдіктілер анықталып, Қорғаныс министрлігі жүйесінің бес лауазымды тұлғасы ұсталған болатын.

评论
其他材料