Түркия Босфордағы көпірлерді жекеменшік басқаруға беруді қарастырып жатыр

92
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/mpIwo0tzZH6BnNZlV0juApRanGF1K9B0Ob7R0dgQ.jpg

Түркия билігі Ыстамбұлдағы Босфор арқылы өтетін көпірлер мен автомагистральдарды сатуды жоспарлап отырған жоқ. Оның орнына нысандарды белгілі бір мерзімге жекеменшік компаниялардың басқаруына беру мүмкіндігін қарастыруда.  Бұл туралы 5 қыркүйек күні Түркияның Қаржы және қазынашылық министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 4 қыркүйекте Босфор арқылы өтетін екі көпір мен он автомагистральды 30 жыл мерзімге жекеменшік басқаруға беруге мүмкіндік жасайтын шешімге қол қойды.

«Бұл мемлекеттік активтерді сату туралы емес. Меншік құқығы мемлекетте сақталатын жағдайда кәсіпорынды белгілі бір мерзімге басқаруға беру моделін бағалауға бағытталған әдеттегі дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деп министрлік мәлімдемесін Takvim басылымы жариялады.

Ведомствоның мәліметінше, нысандарды жекешелендіруге қатысты тендер әзірге жарияланған жоқ. Ердоғанның шешімі тек Жекешелендіру басқармасына қажетті дайындық жұмыстарын жүргізуге өкілеттік береді.

Сонымен қатар министрлік түрік автомагистральдары мемлекетке жыл сайын 600 миллион доллар таза пайда әкеледі деген ақпаратты жоққа шығарды.

评论
其他材料