Вице-президент пен Премьер-министрдің кандидатуралары қашан ұсынылады?

221
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/HQWiaJ6iUqh4R4GqTThZzzM4seOv3onjACM8Vs7o.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-президент пен Премьер-министрдің кандидатураларын қашан ұсынатынын айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысы бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

"Ата заңға сәйкес Үкімет жаңадан сайланған Құрылтай алдында өз өкілеттігін тоқтатады. Сондықтан Құрылтайдың құрылымы жасақталған соң мен өздеріңізге Вице-президенттің және Премьер-министрдің кандидатуралары бойынша ұсыныс енгіземін. Содан кейін сіздермен ақылдасып, Үкімет мүшелерін тағайындаймын. Сонымен қатар жаңа лауазымды – Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасарын тағайындаймын", - деді Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Құрылтай мен Үкімет құрамы толық айқындалған соң жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды.

"Жолдауда көтерілген барлық бастаманы атқарушы және заң шығарушы билік өкілдері бірлесіп, уақтылы әрі сапалы жүзеге асыруға тиіс. Лауазымды тұлғалардың бәрі, әсіресе, қызметіне енді кірісетін азаматтар алдымызда тұрған ортақ мақсат-міндеттерді білуі керек", - деді Тоқаев.

评论
其他材料