Трамп Сауд Арабиясымен жасалған ядролық келісімді Конгреске жолдады

230
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/hcoDsqIGp2KtcMCwniqBDduvdfx6oAe9URNMIZmU.webp

АҚШ президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясымен ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді қарау үшін Конгреске жіберді. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Басылымның мәліметінше, Трамп корольдік Израильмен қарым-қатынасын қалыпқа келтіруі тиіс деген шартты алып тастамаған.

Ақ үй өкілінің сөзінше, азаматтық атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім Сауд Арабиясы «Авраам келісімдеріне» қосылғаннан кейін ғана күшіне енеді.

«Авраам келісімдері» — Израиль мен араб мемлекеттері арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге бағытталған келісімдер. 2020-2021 жылдары мұндай келісімдерге Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Марокко және Судан қосылған.

АҚШ пен Сауд Арабиясы арасындағы келісімге шілде айында қол қойылған. Құжат америкалық технологияларды азаматтық ядролық нысандар үшін экспорттауды көздейді. Алайда Сауд Арабиясының «Авраам келісімдеріне» қосылуы Вашингтон мен Эр-Рияд арасындағы келіссөздердің ешбір кезеңінде талқыланбаған. Бұл туралы катарлық Middle East Eye басылымы хабарлаған. Ал CNN мәліметінше, бұл бастама Трамптың келіссөз барысында жасаған тосын ұсынысы болған.

评论