"Мәдәт бер, иа, шағири фариад!" Тегеран төрінде Абай мұрасы талқыланды

288
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/2E0RxHacPk7FyYJfFE3xTuD4AYwd7UXq88RN0zc3.jpg

Тегеран қаласында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылығы мен рухани мұрасын насихаттауға арналған халықаралық семинар өтті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Abai’s Legacy – World Pride of Kazakhstan» атты іс-шара Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) Мәдениет институтында ұйымдастырылған.

Семинарға Тегеранда аккредиттелген шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың басшылары, абайтанушы ғалымдар, зиялы қауым және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан.

Іс-шараның ашылуында ЭЫҰ Мәдениет институтының президенті Мұхаммад Хасан Абай шығармашылығына жоғары баға беріп, ақынның рухани мұрасы ұйымға мүше мемлекеттердің ортақ игілігі екенін атап өткен.

Қазақстанның Ирандағы елшісі Оңталап Оңалбаев «Ұлы Абай туралы» тақырыбында баяндама жасап, ақынның ойшыл, ағартушы және қазақ ұлттық әдебиетінің негізін қалаушы ретіндегі рөліне тоқталған.

Елші өз сөзінде Абайдың білім, еңбек, адалдық, халық бірлігі және әділетті қоғам құру жөніндегі идеяларының маңыздылығына назар аударған. Оның айтуынша, ақын көтерген мәселелер қазіргі қоғам үшін де өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Семинар барысында Абай мұрасының халықаралық маңызы да сөз болған. Ақын шығармаларының көптеген тілдерге, соның ішінде парсы тіліне аударылғаны айтылған. Сонымен қатар шығыс әдебиеті Абай шығармашылығының маңызды қайнар көздерінің бірі болғаны атап өтілген.

Іс-шара аясында Қазақстан, Қырғызстан, Иран және Өзбекстан ғалымдары Абай шығармашылығы мен рухани мұрасының түрлі қырларына арналған баяндамалар жасаған. Қатысушыларға ақынның бай мұрасы туралы бейнесюжет те көрсетілген.

评论
其他材料