«Қоғамның әділетті дамуына жол ашатын Құрылтай құрылса екен деген ниетпен дауыс бердім»

181
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/GlpThn4nHqMDavahnB8RMMM46FIk4eytqmrvEnDu.jpg

Дереккөз: "Қостанай таңы"

Қостанайда Құрылтай депутаттарын сайлауға өнер және мәдениет саласының өкілдері де белсенді қатысып жатыр. Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенова жұбайы Табылды ағамен бірге Жастар сарайында орналасқан №857 сайлау учаскесіне келіп, алғаш рет өтіп жатқан Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады.

Дауыс бергеннен кейін халық ақыны жаңа Құрылтайдың елдің саяси және әлеуметтік дамуындағы рөліне қатысты пікірін білдірді.

– Елдің халықаралық беделі артып келеді. Енді осы жетістіктерді одан әрі нығайтып, Жаңа Қазақстан реформаларын жүзеге асыру үшін мықты Парламент, яғни мықты Құрылтай қажет деп ойлаймын, – деді Әсия Беркенова.

Оның пікірінше, Құрылтай елдің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған сапалы заңнамалық бастамаларға басымдық беруі тиіс. Депутаттар білімді, білікті, отаншыл әрі ел мүддесін жоғары қоятын азаматтардан жасақталуы маңызды.

Халық ақыны «Таза Қазақстан» ұғымының мәні тек қоршаған ортаның тазалығымен шектелмейтінін атап өтті.

– Таза Қазақстан дегеніміз – табиғаты ғана таза емес, ар-ожданы таза, әділетті, халықтық Қазақстан. Елді осындай мықты заңдармен қамтамасыз етіп, қоғамның әділетті дамуына жол ашатын Құрылтай құрылса екен деген ниетпен өз дауысымды бердім, – деді ол.

Әсия Беркенованың айтуынша, елдің болашағына қатысты шешімдерге әр азамат жауапкершілікпен қарап, сайлауға белсенді қатысуы маңызды.

 

评论
其他材料