Спортшы Данияр Елеусінов ішімдікпен күресіп жатқанын айтты

178
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/z4QrOG8Hw8Ib5CJNYdNDFISNE10QRxxYrHgz2Asu.webp

Олимпиада және әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов әлеуметтік желідегі жазбасында ішімдікке тәуелділік мәселесімен күресіп жатқанын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Спортшы қазір оңалтудан өтіп жатқанын айтып, бейне түсірген.

Елеусіновтің айтуынша, Олимпиададан кейін ішімдікке әуестігі күшейіп, уақыт өте келе бұл әдет денсаулығына және өміріне кері әсер еткен. Боксшы қазір арнайы оңалту курсынан өтіп, өз мәселесін шешуге тырысып жатқанын жеткізді. Ол қоғам өкілдерінен өзін сынамауды және мазақ етпеуді сұрады. Спортшы әр адамның өмірінде түрлі сынақ болатынын атап өтіп, қиын кезеңнен өту үшін жақындарының қолдауы маңызды екенін айтты. Сонымен қатар ол бұған дейінгі спорттық жетістіктерін еске салды.

Елеусінов болашақта АҚШ-қа қайта оралып, Zuffa чемпионы атануды мақсат етіп отырғанын хабарлады. Осыған байланысты ол қазақстандықтарды өзін даттамай, керісінше қолдауға шақырды.

Айта кетейік, 2026 жылдың шілдесінде Астанада Данияр Елеусінов көлікті мас күйде басқарған. Ол Toyota Land Cruiser автокөлігімен паркинг қақпасына соғылған. Кейін оқиға орнынан кетуге әрекет жасап, тағы бірнеше көлікке соқтығысқан. Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Данияр Елеусінов 2016 жылғы Бразилиядағы Олимпиада ойындарының чемпионы, Азиада-2010 жеңімпазы, 2013 жылғы Алматы қаласында өткен Әуесқой бокстан 69 кг салмақта әлем чемпионы, халықаралық спорт шебері.

 

评论