Қытаймен ЖИ саласындағы ынтымақтастық. АҚШ Қазақстан мен өзге елдерге ескерту хатын жолдамақ

71
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/9J9CXXc9u7VAqCzogTuyUPebv6GXeBh01spOSoLP.png

Коллаж ЖИ көмегімен жасалған

АҚШ әкімшілігі Вашингтонның бастамасымен құрылған Pax Silica технологиялық альянсына кіретін елдерге Қытайдың ЖИ-ды дамытуға бағытталған бағдарламаларына қатысқан жағдайда, бірлестіктен шығарылуы мүмкін екенін ескертпек, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

АҚШ мемлекеттік департаменті Pax Silica құрамындағы және Вашингтонмен жасанды интеллект саласында ынтымақтастыққа мүдделі 35 мемлекетке тиісті хат жолдамақ.

Агенттік мәліметінше, құжатта Pax Silica альянсына қатысу белгілі бір міндеттемелер жүктейтіні және оның мақсаттарына қайшы келетін ұқсас бастамаларға қатар қатысуға болмайтыны айтылған.

Reuters мәліметіне сәйкес, қазір Pax Silica-ға және Қытайдың осыған ұқсас технологиялық бастамасына қатар қатысып отырған жалғыз ел – Қазақстан. АҚШ-тың бұл ұстанымы басқа мемлекеттерге жасанды интеллект саласындағы технологиялық бәсекелестікте Вашингтон мен Бейжіңмен бір уақытта ынтымақтастық орнату мүмкін болмайтынын көрсетуге бағытталған.

Pax Silica жартылай өткізгіштерді, аса маңызды пайдалы қазбаларды, энергия ресурстарын және жасанды интеллект технологияларын өндіру мен жеткізудің инновациялық тізбектерін дамыту мақсатында құрылған.

Альянс құрамына Австралия, Ұлыбритания, Германия, Израиль, Үндістан, Италия, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Корея, Жапония және басқа да мемлекеттер кірген.

评论
其他材料