Кипрден баспана алып беремін деп миллиондарды жымқырған күдікті Грузиядан экстрадицияланды

277
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Q2meRUjBkohqrjt2XoZqOFXnDTXKRKDjlejGE19c.jpg

Аса ірі мөлшердегі алаяқтық жасады деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды. Бұл туралы 6 тамызда Бас прокуратураның баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бүгін  Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі Интерполының қызметкерлері Грузиядан аса ірі мөлшердегі алаяқтық жасады деген күдікпен Қазақстан Республикасының азаматын экстрадициялады. Ол 2021 жылғы қаңтар мен 2022 жылғы ақпан аралығында Атырау қаласында Кипрдан пәтер сатып алуға жәрдем көрсетемін деген сылтаумен, бірнеше ақшалай аударым арқылы, Қазақстан Республикасының азаматшасының 100 миллион теңгеден астам ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен жымқырып кеткен деп күдіктелуде»,–делінген хабарламада.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған.

2026 жылғы маусымда ол Грузия аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрау салуы бойынша Қазақстанға экстрадицияланған.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.

Оған тағылып отырған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

评论
其他材料