Балалар көлігіне мінген жасөспірім ұсталды

115
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/fOxdIjmaEHxIm040Zv5idoeK0rtZBMU3o1QUYddx.jpg

Полиция желіде тараған жасөспірім мен полиция қызметкерлері қатысқан оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақ жайық мәліметінше, оқиға 31 шілде күні Атырауда болған.

Полицияға қала әкімдігі алдындағы алаңда балаларға арналған электр көліктерін заңсыз жалға беру қызметіне қатысты тұрғындардан шағым түскен. Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторлары мен қала әкімдігі қызметкерлері барған.

Тексеру барысында балаларға арналған жеті электр көлігі тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылған. Қазір бұл жалға беру қызметінің заңдылығы тексеріліп жатыр.

Полицияның хабарлауынша, электр көліктерін тиеу кезінде жасөспірімдердің бірі көлікке отырып алып, полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындаудан бас тартқан. Сондай-ақ оның сағат 23:00-ден кейін қоғамдық орында заңды өкілінсіз жүргені анықталған.

Осыдан кейін жасөспірім Атырау қалалық полиция басқармасына жеткізілген. Оның заңды өкіліне бала тәрбиесіне қатысты міндеттерді тиісінше орындамағаны және кәмелетке толмаған баланың түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз қоғамдық орында жүруіне жол бергені үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Полиция департаменті тексеру аяқталғаннан кейін қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылданатынын хабарлады

评论