Марқакөлде жолға шыққан аю видеоға түсіп қалды

140
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/zhpl2TfTUasxIJLDQmHzVGTZ7r38KpHe0w3Q2bIw.jpg

Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданындағы Ақжайлау мен Үрінқайқа ауылдарының арасындағы автожолда жүрген аюды куәгерлер видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды "Адырна".

Куәгерлердің айтуынша, жабайы аң жолмен өтіп бара жатқан көліктер мен мотоцикл жүргізушілеріне ешқандай агрессия танытпаған. Алайда олардың пікірінше, аю әлсіреген күйде болған және көмекке мұқтаж болуы мүмкін.

Марқакөл ауданы әкімдігінің мәліметінше, оқиға орнына Марқакөл орман шаруашылығының мамандары мен полиция қызметкерлері барған. Алдын ала ақпарат бойынша, аю таулы аймаққа қарай бет алған.

Орман шаруашылығының дерегіне сәйкес, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп тіркелмеген. Жағдай құзырлы органдардың бақылауында.

Осыған байланысты аудан тұрғындары мен қонақтарына сақтық шараларын сақтау, жабайы жануарға жақындамау, оны қоректендіруге немесе соңынан қууға әрекет жасамау, сондай-ақ таңертең және кешкі уақытта орман алқаптарында серуендеуден уақытша бас тарту ұсынылды.

评论