Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды

161
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/8fXourIE60Ho1d2vYoWjtmLW3NZ9DwHpSTi4TXGI.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 17 шілдеде Болат Ақшолақовты Атырау облысының әкімі етіп тағайындады. Ресми ақпарат Ақорданың Telegram-арнасында жарияланды, деп хабарлайды "Адырна".

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Болат Оралұлы Ақшолақов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды", – деп жазылған ресми ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін бұл міндетті Серік Шәпкенов атқарған болатын. Ол бүгін Президенттің жарлығымен аталған қызметтен босатылды.

Болат Оралұлы Ақшолақов 1971 жылдың 9 сәуірінде Гурьев қаласында (қазіргі Атырау) дүниеге келген. Ол - қазақстандық мемлекет қайраткері, мұнай-газ саласының маманы және 2025 жылғы ақпаннан бері KAZENERGY қауымдастығының төрағасы.

1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "экономист" мамандығы бойынша тәмамдаған. Сонымен қатар "Жер қойнауын пайдалану келісімшарттарын бағалау" және "Мұнай өндіру экономикасы" бағдарламалары бойынша білім алған.

Еңбек жолын банк саласында бастап, кейін "Қазақойл", "ҚазМұнайГаз", "Самұрық-Қазына" және PSA компанияларында қызмет атқарған. 

Әр жылдары Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі, Мұнай және газ вице-министрі, сондай-ақ Қазақстанның Энергетика вице-министрі болып қызмет атқарған.

2022 жылдың қаңтарда Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалып, бұл қызметті 2023 жылғы сәуірге дейін атқарды. Кейін Қазақстан Президентінің кеңесшісі болып, 2025 жылдың ақпанынан бастап Қазақстанның мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының KAZENERGY қауымдастығын басқарды.

 

评论
其他材料