Таиландта жоғалған қазақстандық рэпер табылды

234
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/SNaH0oPllhiuDea4yIHbVJeNdbeuY1vLdGew1G0C.jpg

Таиландта жоғалып кеткен қазақстандық рэпер Кисло-Сладкий дақап атымен танылған Дархан Жұмабек аман-есен табылды, деп хабарлайды "Адырна".

Бұл туралы режиссер Парасат Ибраев өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Ол іздеу жұмыстарына қатысқан және қолдау білдірген барлық азаматтарға алғыс білдірді.

«Дархан аман-есен табылды. Осы күндері алаңдап, іздеп, ақпарат таратқан және қолдау көрсеткен баршаңызға үлкен рақмет. Енді тек жақсы жаңалықпен бөлісетін уақыт келді», – деп жазды Парасат Ибраев.

Telegram-дағы SHOT арнасының мәліметінше, өнерпаз Пхукет қаласындағы медициналық мекемелердің бірінен табылған. Алдын ала ақпарат бойынша, оның денсаулығына ауыр зақым келмеген.

Айта кетейік, бұған дейін Парасат Ибраев рэпердің жоғалып кеткенін хабарлап, оны іздеуге көмек көрсету үшін көші-қон полициясына жүгінген.

评论