АҚШ Ирандағы нысандарды атқылады. Тегеран Бахрейн мен Кувейттегі базаларды нысанаға алды

280
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Vs5nsP4l567AzJCd0qo7raISK6cMxJfzaLCz74On.webp

АҚШ әскері Иран аумағындағы нысандарға жаңа соққылар сериясын жасады. Бұл туралы 10 маусымда АҚШ-тың Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.

«АҚШ Орталық қолбасшылығының күштері Жоғарғы бас қолбасшының бұйрығымен Ирандағы бірнеше нысанға өзін-өзі қорғау мақсатында қосымша соққылар жасады. Бұл – Иранның негізсіз әрі жалғасып жатқан агрессиясына қарсы жауап», – деп мәлімдеді қолбасшылық.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Иранның кемінде алты ауданында жарылыстар болған.

Әскери дереккөздерге сілтеме жасаған Axios порталының мәліметінше, шабуыл жасалған барлық нысан Иранның оңтүстігінде орналасқан. Олардың қатарында әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері, радиолокациялық станциялар, сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару және бақылау бөлімшелері болған.

Кейінірек CENTCOM Ирандағы нысандарға жасалған жаңа соққылардың аяқталғанын хабарлады.

Бұған жауап ретінде Иран Бахрейн мен Кувейттегі америкалық әскери базаларға шабуыл жасағанын мәлімдеді. Бұл – бір күн бұрын Иранның жауап соққыларының нысанасына айналған екі база.

«Ислам революциясы сақшылар корпусының Әуе-ғарыш күштері мен Әскери-теңіз күштері екі кезеңнен тұратын операция жүргізіп, «Әл-Салем», «Ахмад әл-Жабер» және «Шейх Иса» әуе базаларындағы АҚШ-тың 18 маңызды әскери нысанын соққыға жойды», – деп хабарлады Press TV телеарнасы.

相关新闻

评论
相关新闻