Иран ауылындағы түркі атаулары қайтарылды

58
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/REJDcZhKIl7SbJdSDiwcHfjG1xU1zmpM7jlPjUnk.jpg

Иранның Кулунджу ауылында түрік тілінде жазылған жаңа көрсеткіш тақталар орнатылды, деп хабарлайды “Адырна” жергілікті БАҚ-қа сілтеп.

Маңдайшалар Иранның Оңтүстік Әзербайжан провинциясына қарасты Урумия ауданындағы Кулунджу (Құлынды) ауылында орнатылған. Көшелер мен ауылдар бағытында қойылған белгілерден Карнейли (Кернейлі), Дениз йолы (Теңіз жолы), Хирда йол (Қыр жолы) т.б. атауларды кездестіруге болады.

Бұл бастама жергілікті тұрғындар тарапынан қолдау тауып, өңірдің ана тілін сақтау және мәдени бірегейлікті нығайтуға бағытталған қадам ретінде бағаланып отыр. Өйткені Иранның бірнеше аймағындағы халықтың, оның ішінде Оңтүстік Әзербайжан тұрғындарының көпшілігі әзербайжан тілінде сөйлейді. Иранда әзербайжан тілін "түркі тілі", немесе "азери тілі" дейді. 

Жаңа маңдайшаларда ауылға қатысты атаулар мен жергілікті тіркестер түркі тілінде берілген. Тұрғындардың айтуынша, мұндай өзгеріс аймақтың тілдік және мәдени мұрасын айқынырақ көрсетіп, жергілікті болмыстың көрінісін күшейтеді.

评论
其他材料