Тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты

109
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/1gW7XMdxkXrqfs9FCE81ho3YcSAjNaSsyvCPek2f.webp

Маңғыстау облысының Қарақия ауданындағы Болашақ ауылы ішімдіктен бас тартты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Lada.kz-ке сілтеп.

Аталған бастама прокуратураның Қарақия ауданындағы жергілікті атқарушы органдармен және мүдделі мемлекеттік мекемелермен бірлесіп жүзеге асырған жобасы аясында іске асқан. Осыған байланысты ауыл аумағында алкоголь өнімдерін сатпау және тұтынуға жол бермеу жөнінде меморандумға қол қойылған.

Жергілікті кәсіпкерлер де бұл бастаманы қолдап, қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған қадамға белсенді түрде атсалысты. Келісім аясында тараптар жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, құқықбұзушылықтың алдын алу және ауылда қауіпсіз қоғамдық орта қалыптастыру шараларын бірлесіп жүзеге асыруға уағдаласты.

Жобаны іске асырушылардың пікірінше, бұл шешім ауылдағы тәртіпті күшейтіп, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға ықпал етеді деп күтілуде.

评论