ШҚО әкімі экологтарды кәсіби мерекелерімен құттықтады

180
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/sywXf1XBpllSaX8QJDmMB2nUPrnCXTJbR3Ei4whT.jpg

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Экологтар күніне орай ШҚО Экология департаментінің ғимаратына барып, ұжымды және бұл салада жемісті жұмыс істеп келе жатқан мамандарды құттықтады.

«Шығыс Қазақстан – табиғаты көркем, орман мен өзенге, тау-көлге бай киелі өлке. Осындай бірегей табиғи мұраны сақтау және келер ұрпаққа жеткізу жолында сіздер абыройлы қызмет атқарып жүрсіздер. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен елді мекендерді көркейтуге ерекше назар аударып келеді. Осы бағытта жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бастамасы қоғамды ортақ іске жұмылдырып, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруда. Табиғатты қорғау жолындағы игі қызметтеріңіз әрдайым жемісті болсын!», - деді аймақ басшысы.

Нұрымбет Сақтағанов өз сөзінде жұмыстың тиімділігі заманауи техника мен технологияларды ұтымды пайдаланумен өлшенетіндігін жеткізді. Экология департаментінің зертханасында 50 жылдан астам уақыт бойы жөндеу жұмыстары жүргізілмеген болатын. Қазір ғимарат толық жаңартылып, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. 

Шара соңында қоршаған ортаны қорғауға елеулі үлес қосқан, ел арасында экологиялық мәдениетті дамытуға және облысты абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына белсенді қатысқан жандарға Алғыс хаттар табысталды.

评论
其他材料