Алматыда із-түссіз жоғалған жігіттің мәйіті табылды

459
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/5kyVmoPrZgHwyr7Da39CyCszylfmU9kEeZ1tlbtY.webp

Алматыда із-түзсіз жоғалған 25 жастағы Ерзат Егінбайдың мәйіті табылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жас жігітті іздеуге Алматы қалалық полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылған еді. Сонымен қатар, аумақты тексеру және іздеу парақтарын тарату жұмыстарына «Қоғам» және «Лидер KZ» еріктілер ұйымдарының мүшелері тартылған.

«Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Бұл қасіретті еңсеруге зор күш пен сабыр тілейміз. Біздің іздеу жұмыстарымыз аяқталды… Өкінішке қарай, қаралы хабармен…», – деп жазды еріктілер 23 мамырда.

Ерзат 19 мамыр күні күндіз Жетісу ауданындағы Райымбек даңғылы бойында орналасқан құрылыс нысанынан (147Б үй маңы) шығып кеткен. Осыдан кейін ол байланысқа шықпаған. Жоғалған жігіттің телефоны соңғы рет Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында, Есік саяжайлары мен «Көксай» саяжай серіктестігі аумағында тіркелген.

Қазіргі уақытта өлімнің нақты себебі ресми түрде жарияланған жоқ.

评论
其他材料