Мәжілістің соңғы әрекеті ме? Бір күнде алты бірдей конституциялық заң мақұлданды

262
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Gg58c1z8dQkXpHCcwmEkGsODgo7JgNWYJ677CDEn.jpg

Қазақстан парламенті бір күн ішінде алты конституциялық заңды екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды "Адырна". 

Сәрсенбі күні қабылданған құжаттардың қатарында «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» және «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» конституциялық заңдар бар.

Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» конституциялық заң да қолдау тапты.

Парламент  «Қазақстан Республикасының астанасының мәртебесі туралы» конституциялық заңды екінші оқылымда мақұлдады.

Бұдан бөлек, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» конституциялық заң, «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» құжат та мақұлданды. Ол Конституцияға сәйкестендіру, сайлау және прокуратура салаларындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.

Заң жобалары Қазақстандағы конституциялық реформалар аясында қаралды. Олардың мақсаты – заңнаманы Конституцияға сәйкестендіру, мемлекеттік басқару жүйесіндегі өкілеттіктерді қайта бөлу, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейту және басқару тиімділігін арттыру.

评论