Әуежай маңындағы қоқыс әуе қауіпсіздігіне кедергі

289
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/lvj61oyFDw59HH9fQ13DYgJL2jet3YhJr1EWexBj.webp

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ел аумағындағы бірқатар әуежай маңындағы қоқыс полигондары әуе қауіпсіздігіне қауіп төндіріп отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.

Әкімшіліктің бас атқарушы директоры Майкл Дэниел айтуынша, Атырау, Семей, Өскемен, Көкшетау, Балқаш және Үржар әуежайларының маңында орналасқан полигондар құстардың шоғырлануына себеп болып, ұшақтармен соқтығысу қаупін арттырады.

"2025 жылы құстардың ұшақтармен соқтығысуының 280 дерегі тіркелді. Ал биылғы жылдың бірінші тоқсанында мұндай 33 жағдай анықталды", – деді Майкл Дэниел Үкімет отырысында.

Сонымен қатар ол әуежайлар маңындағы аумақтарды мақсатсыз пайдалану мен түрлі кедергілердің көбеюі мәселесіне тоқталды.

Мәліметке сәйкес, Алматы әуежайының аэродром аймағында шамамен 160 кедергі, ал Шымкент әуежайы маңында 150-ден астам кедергі анықталған.

"Жергілікті әкімдіктерге ұсынылды. Алайда көп жағдайда бұл схемалар елді мекендердің бас жоспарларына енгізілмей отыр. Сондықтан жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды күшейту қажет", – деді ол.

评论