Вице-премьер Алматыдағы ахуалмен танысты

147
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/zS8fNf5qaePqEK5cLkmnsO1Wu6lRgHxN2SKIq5cf.jpg

Премьер-министрдің орынбасары Алматыға жұмыс сапарымен барып, мегаполистегі көлік-логистикалық, энергетикалық, индустриялық және туристік жобалардың жүзеге асу барысымен танысты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Вице-премьер Нұрлыбек Нәлібаевтың айтуынша, Алматының дамуы мен тұрғындардың өмір сапасын арттыру мәселесі Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше бақылауында. Үкімет инфрақұрылымдық жобаларды уақытылы аяқтау және энергетикалық нысандардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету бағытында қажетті шараларды қабылдап жатыр.

Жұмыс сапары барысында вице-премьер алдымен Алматы халықаралық әуежайы аумағындағы инфрақұрылымдық жобаларды тексерді. Қазіргі таңда мұнда VIP-перрон, ұшақтарды мұздан тазарту алаңы және жаңа жүк тұрақтары салынып жатыр. Әуежайды басқаратын компаниясына жаңғырту жұмыстарын 1 шілдеге дейін аяқтау тапсырылды.

Сонымен қатар, Алматы-1 теміржол вокзалындағы жаңғырту жұмыстарының баяу жүріп жатқаны сынға алынды. Вице-премьер жолаушыларға қолайсыздық туғызбау үшін құрылыс қарқынын күшейтіп, қажет болған жағдайда тәулік бойы жұмыс істеуді тапсырды. Сапар аясында Үлкен Алматы айналма автожолы құрылысының барысы да қаралды. Жобаны жүзеге асыру барысында жер телімдерін сатып алу мен босатуға қатысты мәселелер бар екені айтылды. Үкімет құрылыс жұмыстарын жеделдету қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ вице-премьер Astana Motors Manufacturing Kazakhstan базасында құрылған автомобиль кластерінің жұмысымен танысты. Жоба жаңа жұмыс орындарын ашып, өнеркәсіптік әлеуетті арттыруға бағытталған. 

评论
其他材料