Иран мен Израиль қақтығысы. АҚШ шабуылдауы мүмкін — БАҚ

129
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/evLhTanVKs4e57He6UJzVLkMfd1tfTsRJqXoGToC.jpg

Фото: Reuters 

АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операцияны қайта бастауы мүмкін, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы The New York Times басылымына сілтеп.

Басылым мәліметінше, АҚШ қорғаныс министрлігі өткен айда Дональд Трамп жариялаған бітімнен кейін тоқтатылған «Epic Rage» операциясын қайта жандандыруға дайындалып жатыр. Операция жаңа атаумен жалғасуы ықтимал.

Қарастырылып жатқан нұсқалардың бірі — Иран аумағына америкалық арнайы жасақ жіберіп, жерасты нысандарында жасырылған ядролық материалдарды іздеу екені туралы ақпарат тараған.

The New York Times дерегіне сәйкес, аймақта қазір шамамен 5 мың теңіз жаяу әскері мен АҚШ армиясының элиталық 82-әуе-десант дивизиясының 2 мың сарбазы бұйрық күтіп отыр.

5 мамырда Пентагондағы брифингте АҚШ қарулы күштері штаб бастықтары комитетінің төрағасы генерал Дэн Кейн 50 мыңнан астам әскери қызметкер, екі әуе тасымалдаушы кеме, ондаған эсминец пен көптеген әскери ұшақ Иранға қарсы ірі әскери іс-қимылдарды қайта бастауға дайын екенін мәлімдеген.

Сондай-ақ АҚШ Иранның негізгі мұнай хабы саналатын Харк аралын басып алу мүмкіндігін де қарастырып отыр. Алайда америкалық шенеуніктер бұл операция үлкен шығынға әкелуі мүмкін екенін айтқан.

Бұдан бөлек, Вашингтон Тегеранмен келіссөздер тығырыққа тірелсе, Иранның әскери және инфрақұрылымдық нысандарына «неғұрлым агрессивті әуе соққыларын» жасау нұсқасын талқылап жатыр.

Басылымның хабарлауынша, Иран Ормұз бұғазы маңындағы 33 зымыран базасының 30-ын қайта іске қосқан. Бұл нысандар АҚШ әскери кемелері мен мұнай танкерлеріне қауіп төндіруі мүмкін.

Сонымен қатар Иран сыртқы істер министрі Аббас Арагчи Тегеранның Ресеймен байытылған уранды өткізу мәселесі бойынша алдын ала келіссөз жүргізгенін растады. Оның айтуынша, бұл мәселе АҚШ-пен ядролық бағдарлама жөніндегі келіссөздердің кейінгі кезеңінде қаралады.

相关新闻

评论
相关新闻
其他材料