Олимпиадаға баратын спортшыларға генетикалық тест міндеттеледі

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/pt6igM8kd50mowqt9Vcj5s0eR6jChKLElsEYETQD.jpg

Халықаралық Олимпиада комитеті әйелдер арасындағы жарыстарға қатысу талаптарын өзгертіп, жаңа ереже енгізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Енді бұл санатқа тек биологиялық жынысын генетикалық тест арқылы растаған спортшылар ғана жіберіледі. Жаңа талап Лос-Анджелес Олимпиадасы 2028 ойындарынан бастап күшіне енеді.

ХОК мәліметінше, спортшылардың жынысы бір реттік тест арқылы анықталады. Ол үшін сілекей, қан немесе жағынды үлгілері алынады. Негізгі көрсеткіш – ер адамның биологиялық жынысымен байланысты және өмір бойы өзгермейтін SRY генінің болуы.

Ұйым президенті Кирсти Ковентридің айтуынша, биологиялық ер адамдардың әйелдер жарысына қатысуы әділетсіз бәсекелестік тудырады, ал кейбір спорт түрлерінде қауіп те болуы мүмкін.

Жаңа ережелер ХОК қамқорлығындағы барлық ресми жарыстарға қатысты болады, бірақ әуесқой және бұқаралық спортқа әсер етпейді.

评论