Ормуз бұғазы барлық елдерге ашық, тек АҚШ пен Израильге шектеу бар – Иран

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/R5fKTTiR6kscDWLtJ9969e7fzhpZmiRWeVCYeJ8h.jpg

Иран Ормуз бұғазы барлық елдер үшін ашық екенін, тек АҚШ, Израиль және олардың одақтастарынан басқа елдерге рұқсат берілетінін мәлімдеді. Report агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Иранның Халықаралық теңіз ұйымындағы тұрақты өкілі Әли Мусави айтты, деп хабарлайды "Адырна".

Оның сөзінше, Ормуз бұғазы арқылы кемелердің өтуі қауіпсіздік және қорғау шараларын үйлестіру жағдайында мүмкін.

Мусави халықаралық міндеттемелер Иранның аумақтық тұтастығы мен құқықтарына құрметпен орындалуы тиіс екенін атап өтті.

Сондай-ақ, ол бұғаздағы кемелер мен экипаждардың қауіпсіздігі ирандық билікпен үйлестіріле отырып қамтамасыз етілуі қажет екенін айтты.

«Иран теңіз қауіпсіздігін арттыру және теңізшілерді қорғау мақсатында Халықаралық теңіз ұйымымен және мүше мемлекеттермен ынтымақтасуға дайын. Дипломатия – біздің басты басымдығымыз, алайда шабуылдарды толық тоқтатып, өзара сенімді нығайту қажет», — деді ол.

Сондай-ақ, бүгін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға Ормуз бұғазын ашу үшін 48 сағат уақыт берген болатын

Ол Ормуз бұғазы кемелердің еркін өтуі үшін толық ашылмаса, Иранның электр станцияларына соққы жасауға дайын екенін айтқан еді. 

Айта кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастап, бірнеше қалаға әуе соққыларын жасаған. Бұған жауап ретінде Иран Израиль аумағына зымырандар ұшырып, Парсы шығанағы елдеріндегі америкалық әскери базаларға шабуыл жасаған. Осы жағдайға байланысты бірқатар мемлекеттер әуе кеңістігін уақытша жапты. Сол күні шабуылдар салдарынан Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи қаза тапты.

相关新闻

评论
相关新闻
其他材料