Украинаның тәуелсіз православ шіркеуінің негізін қалаған Филарет қайтыс болды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/XDpNH8NQ2WHHKr7bNE8Pg5zeUeZDYIkU7RYRMCj4.webp

Украинаның тәуелсіз шіркеуінің негізін қалаушы Филарет (Михаил Денисенко) 98 жасында қайтыс болды. Ресми мәліметке сәйкес, ол жұма күні таңертең дүниеден өткен, деп хабарлайды “Адырна” порталы ВВС-ге сілтеп.

Шіркеу мәлімдемесінде Филареттің Украинадағы діни өмірге қосқан үлесі ерекше атап өтілді. Ол кеңестік кезеңдегі дінге қысым жылдарында шіркеу қызметін сақтауға, тәуелсіздік кезеңіндегі рухани жаңғыруға және украин православ шіркеуінің тәуелсіздігі үшін күреске белсенді қатысқан.

Филарет әр кезеңде әртүрлі қызмет атқарды. Ол әуелде Ресей православ шіркеуі құрамындағы жоғары лауазымды иерархтардың бірі болды, кейін Украинадағы тәуелсіз шіркеу қозғалысының көшбасшыларының біріне айналды.

2019 жылы Варфоломей Украинадағы жаңа православ шіркеуіне автокефалия туралы құжат (томос) табыстағаннан кейін, Филарет құрметті патриарх мәртебесін алған еді.

Соңғы жылдары ол Украинаның православ шіркеуімен көзқарас қайшылығына түсіп, өз бағытын ұстанған. Соған қарамастан, оның есімі Украинадағы шіркеу тәуелсіздігі жолындағы күреспен тығыз байланысты болып қала береді.

评论