Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикметі» орыс тіліне аударылды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/yqayj5h8buGZF5pXq7xf6fwOYeM3Y0vVVHLqOnxL.jpg

Сопылық ілімнің көрнекті өкілі Қожа Ахмет Ясауидің әйгілі еңбегі Диуани хикмет орыс тіліне аударылып, оқырманға жол тартты. Ұлт руханиятының асыл мұраларының бірі саналатын бұл туынды енді ТМД елдеріндегі орыс тілді аудиторияға кеңінен таныстырылмақ. Бұл туралы Turkistan телеарнсы жариялады, деп хабарлайды "Адырна".

Шығарманы белорус зерттеушісі Алексей Купряков аударған. Аударма барысында еңбектің мағыналық тереңдігі мен рухани мазмұнын барынша сақтауға ерекше көңіл бөлінген.

Ұзақ жылдарға созылған ғылыми ізденістің нәтижесінде кітаптың бірінші томы жарық көрді. Онда «Диуани хикметтің» алғашқы 85 хикметі қамтылған. Басылым шамамен 160 беттен тұрады.

Ал еңбектің қалған бөліктері екінші томда жарияланбақ. Авторлар оны алдағы үш жыл ішінде шығарады деп жоспарлап отыр. Екінші бөлімге тағы 60 хикмет енгізіледі.

Мамандардың айтуынша, бұл басылым Қожа Ахмет Ясауи мұрасын халықаралық деңгейде кеңінен танытуға және түркі руханиятының құндылықтарын насихаттауға мүмкіндік береді.

评论