Маңғыстаудағы мүмкіндігі шектеулі жандар референдумда дауыс берді

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/PE149rFLvsHOLJkcp7ZQTn4ckioD1P2vp85unO1J.jpg

Маңғыстау облысында өтіп жатқан референдумда мүмкіндігі шектеулі азаматтар да белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда. Солардың бірі – Руслан Гайбатов.

Руслан Гайбатов өзі тіркелген №267 референдум учаскесіне келіп, дауыс берді. Оның айтуынша, учаскеде ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін барлық жағдай жасалған.

– Бүгін референдумға қатысып, өз таңдауымды жасадым. Учаскеде бізге барлық жағдай қарастырылған. Кіру жолдары ыңғайлы, қызметкерлер де көмек көрсетіп жатыр. Осындай маңызды шараға қатысу – әр азаматтың міндеті деп ойлаймын, – деді Руслан Гайбатов.

Айта кетейік, референдум учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қосымша жағдайлар қарастырылған. Атап айтқанда, инватакси қызметі ұйымдастырылып, азаматтардың дауыс беру учаскелеріне кедергісіз жетуіне мүмкіндік жасалған.

Сонымен қатар учаскелерде қолжетімді дауыс беру ортасы қамтамасыз етілген. Көру қабілеті төмен азаматтар үшін бюллетеньдерді өз бетінше толтыруға мүмкіндік беретін Брайль қарпі бар арнайы трафареттер қолданылады.

Бұдан бөлек, азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігін арттыру мақсатында Конституция жобасының аудио нұсқалары дайындалған. Құжаттың мазмұны қазақ және орыс тілдерінде аудиоформатта қолжетімді.

Мұндай шаралар барлық азаматтардың референдумға тең дәрежеде қатысуына мүмкіндік беруге бағытталған.

评论
其他材料