Еуропалық одақ Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты Кипр аралында наурыз айында өткізілуі жоспарланған бірқатар кездесулерді кейінге қалдыру немесе онлайн форматқа көшіру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы POLITICO басылымына сілтеп.
Мәліметке сәйкес, шешім аймақтағы қауіпсіздік жағдайының күрделенуіне байланысты қабылданған. Биылғы жылдың бірінші жартысында Кипр Еуропалық кеңес жұмысына төрағалық етеді.
БАҚ дерегінше, шаралар кездесулерге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған.
Осыған байланысты Кипрде тікелей форматта өтуі тиіс болған бірқатар жиындар кейінге шегеріліп, кейбірі онлайн форматта өткізілмек. Қандай нақты кездесулердің өзгергені және олардың жаңа мерзімдері әзірге нақтыланбаған.
