Қарағандыда жойғыш ұшақ апатқа ұшырады

391
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/12saxgRNJR7A7p7vMyhSCoB70PM7hUGuX19WMOJA.jpg

Бүгін, 25 ақпанда Қарағанды облысында жоспарлы оқу-жаттығу ұшулары барысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Ұшақ экипажы дер кезінде катапульт жасады. Ұшқыштар дін аман, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Қазіргі уақытта медициналық мамандардың бақылауында»,-делінген хабарламада.

Ұшақ құлаған аумақ қоршауға алынған. Тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына еш қауіп жоқ.

Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы құрылған. Комиссияны ұшу қауіпсіздігі жөніндегі департамент басқарады. Құрамына авиациялық қызметтің арнайы мамандары кірген.

Тергеу қорытындысы бойынша құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады.

评论
其他材料