Түркістанда ер адам өз бүйрегін 13 млн теңгеге сатпақ болған

158
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/VylOax4G5z4hGfyipgQJLfSq1ltDRVJhWk4c4AHs.webp

 Түркістан қаласының тұрғыны өзінің бүйрегін сатпақ болған. Бұл туралы облыстық сот мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Былтыр ақпанда ер адам өзінің бүйрегін сататынын айтып, телеграм арнасына жарнама жасаған.

"Сотталушыдан бүйрегін сатып алмақ болып, ішкі істер органдарының қызметкері жасырын келіседі. Ер адам 13 млн теңгеге сатуға келісіп, 5 млн теңге ақша қаражатын қолма-қол алу барысында ұсталған", - дейді сотта.

Іс Түркістан қаласының ауданаралық сотында қаралды. Тағылған айып - "Трансплантациялау не өзгедей пайдалану үшін тірі адаманың ағзаларына қатысты заңсыз мәмілелер жасауға оқталу".

Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, бұл әрекетке ауыр материалдық жағдайы мен ақша қаражатына мұқтаждығы себеп болғанын айтқан.

"Сот жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс санатына жататынын және зиян келтірілмегенін ескерді. Сотталушы рақымшылық жасау туралы заңға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды", - дейді Түркістан облыстық сотында.

评论
其他材料