«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының Сәтбаев қалалық мүшелері Жаңа Конституция жобасын халық арасында түсіндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Бүгін коалиция өкілдері Сәтбаев қаласындағы Қоғамдық келісім КММ ұжымымен кездесу өткізді. Жиын барысында конституциялық реформалардың маңызы, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін кеңейтуге бағытталған бастамалар жан-жақты түсіндірілді.
Кездесу форматында еркін пікір алмасу ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға нақты жауаптар берілді. Коалиция мүшелері Жаңа Конституция жобасы ел дамуының жаңа кезеңіне серпін беретінін атап өтті.
Қалалық коалиция өкілдерінің айтуынша, Жаңа Конституция жобасының мәні мен маңызын түсіндіруге бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.