Қанат Ысқақов Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі болып тағайындалды

108
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/pB1CZ5GAMrbgcWQAc7p6O5J5vnImgbc52hsbH3Ox.jpg

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қанат Жұмабайұлы Ысқақов мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Қанат Жұмабайұлы Ысқақов 1982 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының жетекші маманы болып бастаған.

Әр жылдары әртүрлі мемлекеттік құрылымдарда, соның ішінде ҚР Парламенті Мәжілісінде, ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚР Мемлекеттік Хатшысының хатшылығында, ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығында жұмыс істеді.

2012-2021 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі қызметін атқарды.

2021-2023 жылдары – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы.

2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі.

评论
其他材料