Қазақ киносы прайм эраға әлі жеткен жоқ. Неге?

292
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/3OQLw97MOgqVhuBp8dAusvMAN2dubE27aTP4tq8w.jpg

Прайм эра әлеуметтік желілерде жиі айтылып, кең талқыланған және дау тудырған сөз. Соңғы уақытта қазақ киносының шынымен де жаңа тынысы ашылды ма? Кинотеатр залдары көрерменге лық толды, халық отандық фильмдерге қайта сеніп, жас режиссерлер өз үнін таба бастады. Бұл расында өрлеудің басы ма, әлде оны прайм эра деп атауға әлі ерте ме?

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының (ҰКҚМО) деректері Қазақстан киносының соңғы жылдардағы ілгерілеуін айқын көрсетеді. Соңғы үш жылда Қазақстанда 119 киножоба қолға алынған. Отандық фильмдер бұл кезеңде 300-ден астам халықаралық фестивальге қатысып, 177 жүлдеиеленген.

Кино саласындағы мемлекеттік реформалар жүйені ашық әрі түсінікті етті. Барлық байқау электронды форматқа көшіріліп, жобаларды іріктеуді жаңартылған Сараптама кеңесі жүргізеді. Фильмнің идеялық мазмұны мен көркемдік деңгейін ғана емес, оның ұлттық құндылыққа, әлеуметтік тақырыпқа және прокат әлеуетіне сай болуын да бағалайды.

Бұл сандарға қарап қазақ киноиндустриясында шын мәнінде прайм эра басталды деп айта аламыз ба? Дегенмен, киноның дамуын сандар емес, сапа мен мағына анықтайды. Прайм эра деген ұранның астарында әлі де шешілмеген мәселелер көп секілді.

коллаж авторы: Б.Әлиқызы

FIPRESCI халықаралық киносыншылар федерациясының мүшесі Ғалия Байжанованыңайтуынша, қазақстандық кино қазір шын мәнінде өрлеу кезеңін бастан өткеріп жатыр деуге болатын сияқты, бірақ оны "толық гүлдену дәуірі" деп атауға әлі ерте.

«Біздің фильмдер тек Қазақстанда емес, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресейде де көрсетіліп жүр бұл сұраныстың белгісі. Мен киносыншы ретінде әлсіз жақтарды жиі байқаймын, бірақ соңғы уақытта өзімді қазақ киносының насихатшысы сияқты сезіне бастадым. Өйткені табысты фильмдер көбейді, бәсеке артты, сапа өсіп келеді»,- дейді Ғалия Байжанова.

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СЦЕНАРИЙЛЕР

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының (ҰКҚМО) дерегінше, соңғы жылдары бекітілген жобалардың 75 пайызы қазақ тілінде жазылған сценарийлерге негізделген. Бұл көрсеткіш соңғы 5 жылдағы ең жоғары нәтиже. Мұндай өсім бір жағынан мемлекеттік саясаттың бағытын айқындайды: қазақ тіліндегі контентке басымдық беру мәдени бірегейлікті сақтау мен ұлттық киноны қолдаудың ажырамас бөлігіне айналды. Дегенмен, бұл сандар киноның сапасын автоматты түрде көтеріп жібереді деу қиын. Себебі, ҰКҚМО-да бекітілген қазақ тіліндегі сценарийлердің басым бөлігі өкінішке қарай, жалпы көрсетілімге толық шықпайды.

коллаж авторы: Б.Әлиқызы 

Мәдениет және ақпарат министрлігінің дерегінше, кинотеатрлардағы қазақ тіліндегі фильмдердің үлесі тек 20%-ды ғана құрайды. Бұл дегенімізмемлекеттік қолдау алған төрт жобаның үшеуі прокатқа жетпейді деген сөз. Осы қайшылық сапа мен коммерциялық әлеует арасындағы теңсіздікті анық көрсетеді.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпараты отандық киноиндустрияға қойылған нақты мақсаттарды айқындайды. Министрліктің 2023-2029 жылдарға арналған мәдени саясат тұжырымдамасына сәйкес, 2030 жылға қарай кинопрокаттағы отандық фильмдердің үлесі 35%-ға дейін ұлғайтылуы тиіс. Алда осындай меже тұр. Қазір еліміздің кинотеатрларында жылына 400-ге жуық фильм көрсетілсе, оның ішінде қазақстандық киноның үлесі 2024 жылы 22,9%-ды (94 фильм) құрады, ал 2025 жылы 25%-ға жақындады.

Кейбір мамандардың пікірінше, қазақ тілінде түсірілетін фильмдердің көбеюі кинонарықтың табиғи дамуының нәтижесі. «Қазақфильм» студиясының мәліметінше, қазір өндірісте түрлі жанрдағы 12 анимациялық жоба мен бірнеше көркем фильм бар.

Қазақ тілінің кино индустрия саласындағы салмағы дегенде мынаны ескеру керек. Тіл – мақсат емес, құрал ғана. Көркем фильмнің шынайы құны оның айтатын әңгімесінде, қозғайтын сезімінде. Қазақша сөйлеген әр кейіпкер, өз тілінде жазылған әр сценарий көрерменмен шынайы байланыстың бастамасы. Бірақ сол байланысты сақтау үшін бір тілдің өзі жеткіліксіз. Маңыздысы – жүрекке жететін оқиға, адамдық эмоция, өмірдің иісі бар кадрлар.

ЖАС РЕЖИССЕРЛЕРДІҢ ЖАҢА ТОЛҚЫНЫ

2025 жыл дебюттік жобаларға ерекше назар аударып, жас режиссерлерге сенімділік берді. Іріктеуден өткен киножобалар өндіріске жіберіліп, сценарийден бастап прокат пен дистрибуцияға дейінгі барлық кезеңде қолдау тапты. Жалпы, соңғы үш жылда 40-тан астам жас кинематографистің дебюттік жұмыстары көрерменге жол тартты.

коллаж авторы: Б.Әлиқызы

Көрермен фильмді мемлекеттік немесе коммерциялық деп бөлмейді, олар эмоция іздейді. Киносыншы Ғалия Байжанованың сөзінше, «мемлекет қолдау көрсеткен бірнеше дебютанттар прокатта жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді». Бұлжаңа толқынға берілген мүмкіндіктің нақтынәтижесі.

«Қазақфильм» студиясының мәліметінше, жас режиссерлерді қолдау кино өндірісіндегі негізгі бағыттардың бірі. Мысалы, бұл үрдіс жалғасын тауып, режиссер Қуаныш Стаханов өз дебюттік толықметражды туындысы «Бүркітші» фильмін түсіріп шықты. Сонымен қатар, «Қазақанимация»шығармашылық бірлестігінің жеті жобасында жас режиссерлер мен анимация мамандары еңбек етіп жатыр.

«Толық қаржыландырудың жеткіліксіздігі кей жобаларға шектеу тудырып отыр. Дегенмен, біз тәуелсіз режиссерлермен және жас кинематографистермен бірлескен жұмыстарды жүзеге асыру үшін жаңа серіктестік пен копродукциялық мүмкіндіктерді белсенді іздестіріп келеміз», - делінген «Қазақфильмнің» ресми жауабында.

ТАБЫС ПЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРЕНА

Отандық киноның халықаралық аренадағы беделінің артқанын мүдделі тарап мемлекеттік қолдаумен байланыстырады. Министрліктің ақпаратына сәйкес, қазақстандық фильмдердің «А» класындағы халықаралық кинофестивальдерге қатысуға бюджеттен қаржы беріледі.                                              инфографика авторы: Б.Әлиқызы

Бұл фильмдер Азиялық Оскар (Asia Pacific Screen Awards), Шанхай, Везуль (Франция) және Fantasia (Канада) сияқты беделді кинофестивальдерде марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, «Бауырына салу» (23 марапат) және «Степной волк» (9 жүлде)фильмдері рекордтық көрсеткіштерге жетті. Сондай-ақ, деректі және анимациялық фильмдер ("Ева. Батыр қыз", "Алтын адам") де халықаралық деңгейде танылды. Бұл табыстар кино өнеріндегі жоғары жетістіктерді және фильмдердің сапасы мен танымалдығын айқын көрсетеді.

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының мәліметінше, мемлекеттік тапсырыспен түсірілген фильмдердің көбі прокатта тұрақты табыс көрсетіп, кең аудиторияға жеткен. Мысалы:

«Дос-Мұқасан» фильмі шамамен 425 млн теңгемемлекеттік қаржыландырумен түсіріліп, прокатта 503 млн теңге жинады;
«Қайтадан» (2025) көрермен қызығушылығының жоғары деңгейін көрсетіп, 1 млрд теңгеден астам табыс әкелді.

«Қазақфильм» студиясының мәліметінше, мемлекеттік қолдау тек коммерциялық табысқа бағытталмаған, оның басты мақсаты мәдени, әлеуметтік және идеялық тұрғыдан маңызды фильмдерді дамыту.

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының мәліметтері бойынша, 2023–2025 жылдар аралығында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен 40-тан астам киножоба жарыққа шықты. 2023 жылы мемлекеттік қаржылық қолдауға 17 фильм ие болса, соңғы екі жылда бұл көрсеткіш тұрақтылығын сақтап қалды.

инфографика авторы: Бірғаным Әлиқызы 

КОМЕДИЯ КӨП БОЛЫП КЕТКЕН ЖОҚ ПА?

Қазіргі қазақ киноиндустриясындағы коммерциялық жобалардың көпшілігі комедия жанрында түсіріледі. Продюсерлер мен режиссерлер өз қаржысын тәуекелге тігіп отырғандықтан, жеңіл әрі аудиторияға тез жететін фильмдерді таңдауға бейім. Киносыншы Ғалия Байжанованың пікірінше, бұл қалыпты жағдай:

- Коммерциялық жобалар көбіне комедия жанрында түсіріледі, бірақ жанрлық палитра кеңейіп келеді. Мысалы, «Дәстүр» қазақ киносына жаңа хоррор жанрын алып келді, - дейді ол.

сурет: жасанды интелект

 

Қазіргі таңда «Қазақфильм» киностудиясы дахалықтың талғамы мен нарық конъюнктурасына сай драмалық, экшн, триллер, мелодрама және басқа да коммерциялық бағыттағы фильмдер өндірісіне басымдық берілгені айтылады. Мұндай жобалар кең аудиторияны қамтып, отандық киноиндустрияның нарықтық тартымдылығын арттыруға бағытталған. Сонымен бірге, әлеуметтік тақырыптағы және тарихи-көркем фильмдер де өзекті бағыттар қатарында қалып отыр.

MNU Newroom редакциясы өткізген анонимдік сауалнама нәтижелері де бұл тенденцияны растайды: көрермендер салмақты идеяны көтеретін фильмдерге көбірек мән береді, ал қазіргі комедиялық жобаларда көбіне төмен деңгейдегі қалжыңдар кездеседі.

МАРКЕТИНГ КИНОНЫ ҚҰТҚАРА МА?

Алайда, отандық кино өндірісті қанша жерден қаржыландырсақ та, оны табысқа шығаратын – бұл агрессивті маркетинг. Бүгінгі таңда фильмнің көркемдік құндылығынан бұрын, оның жарнамалық бюджеті мен әлеуметтік желідегі шуы маңызды болып тұр. Себебі көрерменді кинотеатрға жетелейтін де жарнаманың әсері. Алайда, біздің елде фильмнің түсіріліміне ғана мемлекеттік қолдау жасалады.

«Фильм дистрибуциясына қаражат қарастырылмаған», - делінген министрліктің ресми жауабында.

Бұл дегеніміз фильмді прокатқа шығару, жарнамалау және маркетингтік науқанды жүргізу толығымен продюсерлердің немесе оларды сатып алған дистрибьюторлардың мойнында. Кино орталығы коммерциялық емес ұйым бола отырып, прокаттан кіріс алу мақсатында өндірілген фильмді тікелей өндірушілерге сатуға және барлық құқықтарды беруге мүмкіндік береді. Осы кірістердің 20%-ы Кино орталығына аударылса, 80%-ы кино шығаратын компанияда қалады. Бұл тәсіл мемлекеттік қолдау көрсететін елдердегі жалпы әлемдік тәжірибе саналады.

Мемлекет дистрибуцияны қаржыландырмағандықтан, продюсерлер қаржылық мәселеде жылдам әрі тиімді әдістерге жүгінеді. Бұл жерде үлкен бюджеті бар маркетингжәне танымал блогерлер мен медиа тұлғаларды пайдалану алдыңғы орынға шығады.

Агрессивті жарнама (қымбат трейлерлер, әлеуметтік желілердегі арнайы науқандар) көрерменнің ынтасын арттырады. Одан әрі еліктіреді. Алайда кейде халық блогерлердің жарнамасына сеніп, кинотеатрға барғанда, фильмнің көркемдік немесе идеялық сапасы жарнамадағыдай әсерлі болмай, көңілі су сепкендей басылып қалып жататын жағдайларда болып жатыр. Салдарында, фильм бірінші аптада табыс әкелгенімен, ұзақ мерзімді перспективада отандық киноға деген жалпы сенімді төмендетеді.

Бұл жағдай продюсерлерді саннан сапаға көшуге, яғни маркетинг бюджетінен бұрын, көркемдік сапаға және шынайы мазмұнға көбірек инвестиция салуға шақырады.

КӨРЕРМЕННІҢ ҚАЛАУЫ НЕ?

MNU Newsroom редакциясы жүргізген анонимдік сауалнамаға қатысқандар қазақ киносының басты кемшілігі сапа мен эмоцияның қатар ұсталмайтындығында деп ашып көрсетті. Көрермен үшін басты критерий фильмнің жүрекке тиюі, терең сезім тудыруы, идеясы мен мазмұны.

Респонденттердің жауабы көрсеткендей, көрермен талғамы әртүрлі. Шамамен 40%-ы комедиянытаңдаса, 25%-ы драманы қалайды. Ал қалған 35% бөлігін хоррор, триллер, детектив, тарихифильмдер мен анимация сияқты жанрларын күтедіекен.

Бұл статистика қазақ киносына жанрлық әртүрлілікқажет екенін айқын көрсетеді. Әсіресе, көрермендердің хоррор немесе детектив жанрларының аздығын атап өтуі халықтың жаңатәжірибеге деген сұранысын білдіреді. Жанрлықкешенділікке бағытталған "Дәстүр" сияқтыжобалардың шығуы бұл үмітті ақтаудағы алғашқықадам.

Көрермен сонымен қатар авторлық жобалардыжәне жаңа актерлерді қолдаудың маңызды екенінатап өтті. Сондай-ақ сауалнамаға қатысқандар"қазақ киносына табиғи ойнайтын актерлержетіспейтін сияқты, көбіне тек блогерлер мен әртістер түседі» деген базынасын жеткізді.

Өткен жылы жарық көрген «Капитан Байтасов» фильмі де бұл тенденцияны растайды. Нақтыөмірден алынған оқиға желісіне құрылған картина ел қорғау жолындағы ерлік пен азаматтық парызтақырыбын қозғап, прокаттың алғашқыапталарынан-ақ аудиторияның ыстық ықыласынабөленді. Бұл көрерменнің салмақты мазмұндықабылдауға дайын екендігінің айқын дәлелі.

Қорытындылай келе түйгеніміз, қазақ киносышулап жүрген прайм эраға әлі толық жеткен жоқ. Бірақ коммерциялық табыс, авторлық жобаларжәне жанрлық әртүрлілік арқылы кинематографтарөзінің нағыз эрасын құра алады. Болашақтакөрермен тек көңіл көтеретін фильмдермен ғанашектелмей, жүрекке жететін, ой саларлықтуындыларды көруге мүмкіндік алса, сол арқылықазақ киносы әлемдік деңгейге көтеріледі депсенеміз.

Бірғаным Әлиқызы

评论
其他材料