Медициналық сақтандырудағы алаяқтық. СІМ АҚШ-та қазақстандықтардың ұсталғанын растады

88
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/3rFQvD0jEVSg6xPIsEHy3V0ByZCXW6W7wfbjL5Kq.webp

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі АҚШ-та медициналық сақтандыру бағдарламаларына байланысты алаяқтық ісі бойынша екі Қазақстан азаматының ұсталғанын растады, деп хабарлайды "Адырна".

Министрлік мәліметінше, қазақстандық тарапқа АҚШ құқық қорғау органдары Қазақстанның екі азаматының ұсталғаны туралы хабарлаған.

«Сыртқы істер министрлігі сіздің өтінішіңізде көрсетілген азаматтардың ұсталғаны туралы хабардар. Бұл факт жөнінде қазақстандық тарапты АҚШ құқық қорғау органдары хабардар етті. Нью-Йорктегі Қазақстан Республикасының Бас консулдығы осы мәселе бойынша америкалық тараппен тұрақты байланыста», - делінген ведомствоның жауабында.

Министрлікте сондай-ақ ұсталған азаматтардың туыстары бұл мәселеге қатысты Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктеріне әзірге жүгінбегені нақтыланды.

Бұған дейін Чикаго қаласында Қазақстанның екі азаматына АҚШ-тың Medicare және Medigap медициналық сақтандыру бағдарламаларымен байланысты көпдеңгейлі алаяқтық схемаларына қатысы бар деген айып тағылғаны белгілі болған.

АҚШ федералдық прокуратурасының дерегінше, сөз жалған медициналық құрал-жабдықтар мен диагностикалық қызметтерге берілген өтінімдер арқылы 1 миллиард доллардан астам қаржы туралы болып отыр.

Айыптау актілерінің бірінде Қазақстан азаматы А. А.-ға Medicare бағдарламасына қатысты алаяқтықтан түскен қаражатты заңдастыру мақсатында сөз байласу айыбы тағылған.

Екінші іс бойынша федералдық прокуратура Чикаго маңында тұратын қазақстандық Т. С.-ты медициналық сақтандыруға байланысты бағдарлама арқылы ақша жылыстату мақсатында сөз байласуға қатысты деп айыптап отыр.

相关新闻

评论
相关新闻