Қоғамдық көлікте есік толық жабылмай, жолаушы құлап кетті

166
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/mAmYdYrc3Rp7DQ6Gbd0nrQtkvc1Ed7qg5Uhi5nvP.webp

Қарағандыда жолаушы автобустан құлап кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиғаның бейнесі әлеуметтік желіде тараған. Кадрлардан жолаушының жүріп бара жатқан №43 бағыттағы автобустан құлағаны анық көрінеді.

Бейнежазбада ер адамның автобусқа мініп, салон ішіне өтпей, есік маңында тұрғаны байқалады. Жүріп бара жатқан көлікте есіктер толық жабылмай, қайта ашылған. Алдын ала болжам бойынша, жолаушының арқасындағы сөмкесі есіктердің жабылуына кедергі келтірген. Соған қарамастан автобус қозғалысты бастап, жолаушы жолға құлап түскен. Кейін көлік тоқтап, басқа жолаушылар көмек көрсету үшін сыртқа шыққан.

Қарағанды қаласы әкімдігі оқиғаның болғанын растаған. Зардап шеккен азаматқа медициналық көмек көрсетіліп, қазіргі уақытта ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

Қала әкімдігінің мәліметінше, жүргізуші есіктердің толық жабылғанына көз жеткізбей, қозғалысты бастаған. Қазіргі таңда автобустағы бейнебақылау камераларының жазбалары алынып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

评论