Әскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері пойызбен тегін қатынай алады

169
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ntRtGgnksFQqSRSCmpn6aHvRnwfL422uYk6roGCM.webp

Елімізде әскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері жылына бір рет ел аумағында жолаушылар пойыздарымен тегін қатынай алады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бастама әскери қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға және олардың отбасымен бірге сапарлау мүмкіндігін арттыруға бағытталған.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ тасымалдау экономикасы және есебі департаментінің бас менеджері Айнұр Базарбаева тегін жол жүру құқығы тек Қазақстан ішіндегі бағыттарда қатынайтын жолаушылар пойыздарына қолданылатынын атап өтті. Сондай-ақ аталған шығындар "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының қаражаты есебінен өтелетінін түсіндірді.

ІМ Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Қайрат Үмбетов жобаны іске асыру барысында белгіленген талаптардың қатаң сақталуы қажеттігін айтты. Сондай-ақ аталмыш әлеуметтік қолдаудың әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға, демалысты алдын ала жоспарлауға және жол шығындарын едәуір азайтуға мүмкіндік беретінін жеткізді.

评论